Қымбат металдарды ұрлаған «Қазақмыс» қызметкерлері құрықталды

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Malim Админ

  • 02.10.2024

Ішкі істер министрлігі қала құраушы кәсіпорындардағы жедел жағдайды тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр.  Олардың қызметіне кедергі келтіретін адамдардың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда.


Соңғы айда Ұлытау облысында осындай бірнеше топ ұсталды.   Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, қымбат металл қорытпаларын ұрлауды жолға қойған қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

«Топқа аталған кәсіпорынның қызметкерлері де кірген. Күдіктілер кәсіпорыннан 6,5 млн теңге өнімін ұрлау кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сондай-ақ полиция 2022 жылдың наурыз айында жергілікті кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған тағы бір топ мүшелерін құырқтады. Жәбірленушіні жалдамалы пәтерге алдап алып келіп, физикалық күш қолданып, қару-жарақпен қорқыту арқылы ақша талап еткен. Сонымен қатар 2018 жылы орын алған жергілікті тұрғынды өлтіруге оқталу әрекеті әшкереленді. Жергілікті криминалитеттен құралған қылмыстық топ анықталды. Оған қатысушылар қазіргі уақытта басқа қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Кісі өлтіруге оқталу әрекеті жасалған тапанша тәркіленді. Көрсетілген фактілер бойынша барлығы 17 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. 20-дан астам тінту шаралары өткізілді, нәтижесінде 5 атыс қаруы, оқ-дәрілер, пышақтар және экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер тәркіленді. Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өңірлерде қылмыстық топтардың қызметіне жол бермеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Фото: inbusiness.kz 

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды

02.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот тергеуі қайта басталды