Семей орманында өрт шығып, тракторшы жазаланды
Ол енді өрт сөндіру шығынын төлеуі мүмкін
Семей орманында дала шөбі өртенді. Абырой болғанда, өрт аз уақытта өшірілген. Ал оған трактор жүргізушісі кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, бүгін 101 пультіне «Семей Орманы» МОТР операторынан Абай облысы Бесқарағай ауданында 3 Га аумақта құрғақ шөп пен шабылған шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өртті қысқа мерзімде жоюға, өрттің себебін анықтауға және кінәлі адамды табуға мүмкіндік туды, деп жазылған хабарламада.
Нәтижесінде ӘҚБтК-нің 589-бабына сәйкес дала алабында автотракторлық техниканы ұшқын сөндіргішсіз пайдаланған кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазір өртті сөндіру шығындарын өтеу бойынша талап арыз беру туралы мәселе шешіліп жатыр.
Фото: скриншот