Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты

Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті басшының орынбасарына 200 мың доллар пара бермек болды деген айыппен ұсталған.

Malim Админ

  • 20.05.2024

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға алынған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті басшының орынбасарына 200 мың доллар пара бермек болды деген айыппен ұсталды. Содан бері тергеу изоляторында жатқан бұрынғы шенеунік сот барысында өзіне жала жабылғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, керісінше ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Исаховтан ақша бопсалаған.

Даудың бәрі қаладағы жылу құбырын жөндеу үшін өткізілген тендерден басталған. Мемлекеттік сатып алуда жеңген комания Мақсұт Исаховтың үстінен ұлттық қауіпсіздік комитетіне шағым түсірген.

Жарыссөзде Исахов өзін ақтап шығаруын сұраған еді. Ал прокурор пара бермек болды деп айыпталған шенеунікке 8 жыл 5 ай мерзімде бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды