Шымкентте жасырын цехтан 9 тонна спирт тәркіленді

Тапқан пайдасына бірнеше қымбат көлік алған

Мәди Саматұлы

  • 27.01.2025

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті қылмыстық кірістерді жасыру және заңдастыру схемасын анықтады. Ол суррогаттық алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цех қызметінен түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу барысында 2022 жылдан бастап ерлі-зайыпты Қарсеновтар қолдан жасалған акциздік маркаларын және этил спиртін пайдаланып, заңсыз алкоголь өнімдерін өндіруді ұйымдастырғаны белгілі болған.

Өнім Шымкент қаласында ғана емес, сондай-ақ, көршілес Түркістан және Жамбыл облыстарында да сатылған.

Тінту барысында 9 мың литрден астам этил спирті, 24 мыңнан астам жалған акциз маркасы, әр түрлі маркалы дайын алкоголь өнімі және 75 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат тәркіленді. «Follow the money» принципі бойынша жүргізілген қаржылық тергеу нәтижесінде жасырын цехтың 309 млн теңгеден астам сомадағы барлық қылмыстық кірістері анықталды, деп жазылған агенттік мәліметінде.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдіктілер жалпы құны 234 млн тенгені құрайтын 13 қымбат көлік («Toyota Land Cruiser 300», «ZEEKR 001», «KIA K8», «Hyundai Grandeur», «VOLVO» және т.б.) сатып алған, тәркілеуден жасыру мақсатында олардың бір бөлігін жақын туыстарына рәсімдеген.

Сот үкімімен аталған тұлғалар заңсыз кәсіпкерлік (ҚК 214-бабының 2-бөлігі, 2-тармағы), акцизделетін тауарлардың таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзу (ҚК 233-бабының 2-бөлігі), қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру (ҚК 218-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша кінәлі деп танылған.

Сот оларға 5 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа сатып алынған 13 көлік пен 75 миллион теңге тәркіленген.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

13.04.2025

Тоқаев Шымкентке барды

11.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

10.04.2025

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

09.04.2025
MalimBlocks
«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

Тоқаев Шымкентке барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

Шымкентте жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған шетелдік есірткі сатқаны анықталды

Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Шымкентте терроризмді насихаттаған адам сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды