Тоқаев түрмедегі балалы әйелдердің мәселесін қарауды тапсырды

Заң алдында бүкіл азамат тең болғанымен кәмелетке толмаған баласы бар әйелдердің жағдайымен санасу қажет

Malim Админ

  • 14.03.2025

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты заң ұстанымдарын қайта қарауды ұсынды.

Маған белгілі адвокат Айман Омарова хат жолдады. Ол өз хатында күрделі тақырыпты қозғап, әйелдер колониясындағы ахуалға тоқталды. Әсіресе, жүкті әйелдер мен кішкентай балалары бар әйелдердің жағдайына баса назар аударды. Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің мақсаты сотталған азаматтарды жазалау емес, түзету болуы керек деген пікірмен келісемін. Ер адам немесе әйел болсын, бас бостандығынан айырылғандардың бәрі заң алдында бірдей екені түсінікті, - деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, заң алдында бүкіл азамат тең болғанымен кәмелетке толмаған баласы бар әйелдердің жағдайымен санасу қажет.

Дегенмен адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алып, «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтай отырып, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты кейбір заңдық ұстанымдарды қайта қарауға болады деп ойлаймын. Құқық қорғау органдары мен депутаттар осы мәселені байыпты әрі жан-жақты зерттеп, шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізуі керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Президент қол қойған 10 заңның 9-ы қабылданды. IV Ұлттық құрылтайдан не күтеміз?

Фото: Pixabay

 

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

10.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгіленеді

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс