Тұтынушылар жеке монополистердің шырмауында қалмауы керек

Энергия өндіретін жаңа нысандар салу үшін берілетін несие шарттары қолайлы емес

Malim Админ

  • 02.09.2024

Тұтынушылар жеке монополистердің шырмауында қалмауға тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет. Бұл жұмыс, ең алдымен, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс. Қазір энергия өндіретін жаңа нысандар салу үшін берілетін несие шарттарын қолайлы деп айта алмаймыз. Сондықтан Үкімет қаржы институттары арқылы ұзақ мерзімге арналған қолжетімді несие беру жолдарын ойластыруға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты, яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл – осы салаға «ұзақ мерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Алайда тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды.

«Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керек. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру – өте өзекті мәселе. Келесі жылдан бастап нақты ережелер енгізілуге тиіс. «Көп тұтынсаң – көп төлейсің» қағидатын басшылыққа алу қажет. Алайда тұтынушылар жеке монополистердің шырмауында жалғыз қалмауға тиіс. Заңнамаға әлеуметтік маңызы бар қызметтер деген ұғым енгізілуі керек. Оны мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі сияқты реттеген жөн», - деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады