«Үйді бөліскісі келмеген»: Ақтөбеде 3 баланың анасын бұрынғы күйеуі өлтіріп кеткен

Қайғылы оқиға 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні болған.

Malim Админ

  • 03.05.2024

Ақтөбе облысы Сарыкөл ауылында үш баланың анасын бұрынғы күйеуі аса қатігездікпен өлтірген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айбану күйеуімен 2022 жылы заңды түрде ажырасып кеткен. Бұрынғы күйеуі балаларына алимент төлемеген. Оған қоса балаларымен араласпай, өзге әйелмен отбасы құрған. Ер адам 2 жылдан соң марқұм Айбанумен кездесуге келген. Айбану жылы қарсы алып, шәйнекке су құйып, газға шәй қоймақ болған. Бұрынғы күйеуі оның теріс бұрылған сәтін пайдаланып, қылқындырып өлтірген.

Қайғылы оқиға 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні болған. Сол кезде кішкентай балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатқан.

“Не молчи” қорының төрайымы Дина Таңсәрі:

Бұрынғы күйеуі Айбануды өлтіруді мұқият жоспарлап келген. Айбану балаларымен Сарыкөл ауылында тұрған. Күдікті келген таксиске ауыл сыртында күте тұруынды өтініп, қылмыс жасаған. Қылмыс мотиві – ер адам жылжымайтын мүлікті бөліскісі келмегендіктен болуы мүмкін. Ер адам бәрін саналы түрде жасаған, - деп жазды.

Марқұмның туыстары Айбанудың материалдық қиыншылыққа байланысты ауылда тұрғанын айтады. Ерлі-зайыптының некедегі уақытында ортақ пәтері болған. Марқұм қиналған сәтінде күйеуіне сол мүлікті бөлісуді ұсынған. Күдікті қылмысын жасап болған соң, қайтадан сол таксиге отырып, ізін суытқан.

Күдікті балаларын марқұммен бір үйде қалдырған. Таңертең балалар анасын оята алмаған. Қазір балалар марқұмның туыстарының қарауында. Олар әлі анасын күтіп жүр екен.

Фото: Дина Таңсәрі парақшасынан

Байланысты жаналықтар

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

01.04.2025

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

28.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025
MalimBlocks
Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

Жамбыл облысында жүкті әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты