Ұлыбританияда жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығы қорғала ма?

Арман Қайыпхан

  • 12.02.2025

Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Лондонда өткен "Қазақстан-Ұлыбритания" стратегиялық диалогы шеңберінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбританияның еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл қызметі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың еңбек көші-қоны саласындағы өзара іс-қимылын көздейді.

Меморандумға сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ұлыбританияның Еуропа, Солтүстік Америка және шет елдер істері жөніндегі мемлекеттік министрі Стивен Даути қол қойды.

Құжат бойынша тараптар келісімі:

Ұлыбритания аумағында Қазақстанның азаматтарын уақытша жұмысқа орналастыру шарттары мен рәсімдері туралы ақпарат алмасу;

Қазақстаннан еңбек қызметі үшін Ұлыбританияға жұмыскерлерді жіберетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың қызметін растау;

Қазақстан азаматтарының Ұлыбритания аумағындағы еңбек қызметі кезеңінде, оның ішінде Тier-5 маусымдық жұмыс визасы (seasonal worker visa) шеңберінде еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған өзара ынтымақтастық;

Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары және Қазақстан азаматтарының қажетті кәсіптік даярлығы туралы ақпарат алмасу.

Меморандумға қол қою – Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам.

Фото: Ақ Жайық

Байланысты жаналықтар

Еліміздегі 45 кәсіпорын өз жұмысшыларына айлық төлемеген

23.04.2025

Марафондағы екі адамның қазасы. Қылмыстық іс қозғалды ма?

21.04.2025

Ғалым Германияны 2027 жылы соғысқа дайындалуға шақырды

21.04.2025

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

17.04.2025

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

17.04.2025

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025
MalimBlocks
Еліміздегі 45 кәсіпорын өз жұмысшыларына айлық төлемеген

Марафондағы екі адамның қазасы. Қылмыстық іс қозғалды ма?

Бұл сұраққа Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді

Ғалым Германияны 2027 жылы соғысқа дайындалуға шақырды

Бұл туралы ұлыбританиялық Корольдік біріккен қорғаныс зерттеулері институтының аға ғылыми қызметкері Эд Арнольд айтты

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

Өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткіш

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

Олардың әрқайсысына 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі