Жамбыл облысында бағасы 30 млн теңге тұратын өндірістік база 270 мыңға сатылып кеткен

2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге қойған.

Берік Дәулетов

  • 01.08.2024

Жамбыл облысында коммуналдық меншікті нарықтық құнынан 111 есе төмен заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Талас ауданының прокуратурасы жылжымайтын коммуналдық мүлікті заңсыз сату фактісін анықтаған. 2008 жылы «Игілік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы конкурс ұйымдастырмай осы мекеменің өндірістік базасын тікелей үшінші тұлғаларға 270 мың теңгеге сатқан. Жамбыл облысы прокуратурасының мәліметінше, базаның бағалау құны - 30 млн теңге.

2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге қойған.

Осы факт бойынша 18.10.2023 жылы Талас ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша кәсіпорынның бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс ескіру мерзімі өтуіне орай тоқтатылды, – деп қосты ведомство.

Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актісі негізінде Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 22.02.2024 жылғы шешімімен әкімдіктің сатып алу-сату шарттары мен кепілді жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылды. 22.05.2024 жылы апелляциялық саты бірінші сатының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актісі заңды күшіне енді. Мүлік мемлекетке толығымен қайтарылды.

Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді