457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

Мәжіліс депутаты Дания Еспаеваның айтуынша, жаңа Салық кодексінің жобасы 1 шілдеге дейін Мемлекет басшысының қол қоюына жолдануы керек. Ал заң жобасына енгізілетін түзетулер 15 сәуірге дейін қабылданады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Уақытымыз өте шектеулі. Мерзімдер тым тығыз, бірақ олар міндетті. Біз бірінші оқылымнан өтуге міндеттіміз, сонда Парламенттің жоғарғы палатасы бұл құжатты уақытында қарап, ол 1 шілдеге дейін Президентке жолдануы тиіс», – деді Дания Еспаева.

Оның айтуынша, құжаттың екінші оқылымы алдын ала 30 сәуірге жоспарланып отыр.

Фото: Мәжіліс