Жас қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 22-24 мамыр аралығында "STOP-трафик" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

Malim Админ

  • 29.05.2024

Астанада тоғыз "элиталық" монша кешенінің аумағында жас қыздарды жыныстық қанауға тарту және мәжбүрлеу схемасын құрған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Топ 17 адамнан тұрды. 30-дан астам тінту жүргізіліп, ақша мен алты көлік тәркіленді. Негізгі айыпталушылар қамауға алынды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 22-24 мамыр аралығында "STOP-трафик" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Адам саудасының 49 фактісі, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты тоғыз факт анықталды.

Адамдар "трафигімен" байланысты заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырған күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету деректері бойынша үш сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мысалы, Астана қаласында тоғыз "элиталық" монша кешенінің аумағында жас қыздарды сексуалдық қанауға тарту және мәжбүрлеу бойынша қылмыстық жүйені жолға қойған 17 адамнан тұратын топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізіліп, ақша және алты автокөлік тәркіленді.

Негізгі фигуранттар қамауға алынды. Шымкент қаласында осыған ұқсас ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Мұнда жалпы сомасы 1 млн теңге және 16 мың АҚШ долларынан астам қаражат, 10 автокөлік тәркіленді. Топ жетекшілері мен мүшелері қамауға алынды.

Петропавл қаласында 2023 жылдан бастап зорлық-зомбылық пен бопсалау арқылы жас қыздарды жыныстық қанауға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ әрекет еткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оған қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бірқатар өңірде әлеуметтік осал топтардан шыққан адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеу фактілері анықталды.

Қарағанды қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға қоқан-лоққы және күш көрсетіп, оларды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, "бизнес" ұйымдастырған адамдар тобы ұсталды. Қылмыскерлер өз құрбандарының есебінен жылына 10 млн теңгеге дейін табыс тауып отырған. Осыған ұқсас қылмыстық топтардың әрекеттері Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарының аумағында әшкереленді. Онда мүгедектер мен жас балаларды базарлар мен вокзалдар аумағында пайдаланған. Барлық қылмыскерлер құрықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, – деді Қуандық Алпыс.

Фото: ІІМ

Байланысты жаналықтар

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады