freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СІМ: АҚШ-тың баж салықтары нақты Қазақстанға қарсы бағытталмаған

Құқық
СІМ: АҚШ-тың баж салықтары нақты Қазақстанға қарсы бағытталмаған
ИА «NewTimes.kz»

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың қазақстандық тауарлардың бір бөлігіне 12,5 пайыз көлемінде қосымша баж салығын енгізу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдері америкалық тараптың бұл шешімі арнайы Қазақстанға қарсы бағытталмағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.  

Сыртқы істер министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында жаңа баждар 2026 жылдың ақпанынан бастап АҚШ-тың Сауда туралы заңының 122-бөлімі негізінде қолданылған 10 пайыздық уақытша әмбебап импорттық үстеме орнына енгізілгенін айтты.

Қазақстан тарапы алдын ала хабардар етіліп, америкалық тараппен өткен консультацияларға қатысты. Осы жұмыс барысында Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан заңнамасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынды.   

АҚШ Сауда өкілдігі (USTR) қорытындысына сәйкес, Қазақстан мәжбүрлі еңбекті пайдалану арқылы өндірілген тауарлар импортына жеке тыйым салынбаған экономикалар қатарына жатқызылды.

"Америкалық тараптың шешімі Қазақстанда үшінші елдерден тиісті өнімдер импортын бақылаудың қолданыстағы механизмдерін бағалаумен байланысты", – деп түсіндірді ведомство.

СІМ Қазақстан мәжбүрлі еңбекті жою бойынша халықаралық күш-жігерді дәйекті түрде қолдайтынын және Халықаралық еңбек ұйымы мен басқа да көпжақты механизмдер аясындағы өз міндеттемелерін орындайтынын атап өтті.

"Шара атаулы сипатқа ие емес"

Сондай-ақ министрлік америкалық тараптың бұл шешімі Қазақстанға ғана қатысты емес екенін атап өтті. 

"USTR шешімі АҚШ тауар импортының 99,4 пайызы келетін 60 экономикаға таралатынын ескеру қажет. Осылайша, бұл шара Қазақстанға қатысты атаулы сипатқа ие емес және америкалық әкімшіліктің кең ауқымды сауда саясатының бір бөлігі", – деп хабарлады СІМ.

Еске салсақ, шілденің аяғында АҚШ бірқатар елдің тауарларына 12,5 пайыз көлемінде қосымша баж салығын енгізген болатын.

Кейін Сауда және интеграция министрлігі жаңа баж салығы Қазақстанның АҚШ-қа экспорттайтын барлық тауарына емес, жекелеген тауар санаттарына ғана қатысты екенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның АҚШ-қа экспортының шамамен 95 пайызы қосымша баж салығы әсерінен тыс қалады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу