freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда курьер әйелді зорлықтан құтқарып қалды

Қоғам
Алматыда курьер әйелді зорлықтан құтқарып қалды
Фото: видеодан скрин

Алматыда жеткізу қызметінің курьері түнгі уақытта әйелге жасалуы мүмкін ауыр қылмыстың алдын алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түнгі сағат 02:30 шамасында болған. Подъезден шығып бара жатқан курьер күзет бөлмесінен шыққан әйелдің көмек сұраған жанайқайын естіп, бірден араша түскен.

"Ол бір сәт те ойланбастан араласып, әйелге қатысты заңға қайшы әрекеттің жолын кесті", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.

Полицияның мәліметінше, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ведомство мұндай жағдайларда азаматтардың қырағылығы мен полицияның жедел әрекеті ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осыған байланысты тұрғындарды бейжай қалмай, құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда бірден 102 арнасына хабарласуға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу