Желіде сынға ұшыраған БҚО табиғатты қорғау прокуроры қызметтен кетті

Фото мен бейнежазбаның қашан түсірілгенін анықтау мүмкін болмады

Malim Админ

  • 06.09.2024

БҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев қызметінен босатылды.


БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлеуметтік желіде бейнежазба тарағаннан кейін қызметтік тексеру жүргізілді.

Анықталғанындай, А.Бисқалиев 12 тамыз күні жұмыс орнында болған, медициналық куәландыру оның ішімдік ішпегендігін көрсеткен.

Объективті себептерге байланысты фото мен бейнежазбаның қашан түсірілгенін анықтау мүмкін болмады. Дегенмен аталмыш жайт қоғамдық пікір туғызып, әлеуметтік желі қолданушылары мен ақпараттық интернет көздері оқырмандарының көптеген пікірталасына түрткі болды.

«15 тамыз күні қызметтік тексеру нәтижесі мен облыс прокуратурасы тәртіптік комиссиясының ұсынысына сәйкес А.Бисқалиев қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар А.Бисқалиев мемлекеттік қызметшіге қойылатын жоғары талапты түсіне отырып, басшылық атына өзін қызметінен босату туралы өтініш жазды. 20 тамызда А.Бисқалиев БҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры қызметінен босатылды», - деп хабарлады ведомстводан. 

Фото: kazinform.kz  

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған

25.04.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

22.04.2025

Қостанайлық шенеунік күзетшіні балағаттап тастаған

22.04.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

Қостанайлық шенеунік күзетшіні балағаттап тастаған

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы даулы видеоға қатысты пікір білдірді