«Жүргізуші баламның намысына тиген»: Автобус апатына кінәлі күдіктінің анасы сотта сөйледі

Ол баласының бұрын бұзақалық істемегенін, 22 желтоқсан күні 3 айлық баласына асыққанын айтты.

Malim Админ

  • 26.04.2024

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сот отырысында Д. Ахметжановтың анасы сөз сөйлеп, баласының бұрын бұзақалық істемегенін, 22 желтоқсан күні 3 айлық баласына асыққанын айтты.

Мен ең алдымен қайтыс болғандардың туыстарынан, бала-шағаларына қайғырып көңіл айтамын. Балам Дархан Ахметжан бала кезінен тәртіпті, жақсы оқыған, бұған дейін біреумен төбелесіп, ұрысқанын көрмегенмін. Ол сол күні 3 айлық баласына асығып бара жатқан еді. Негізі 3 аялдамалық жерге жаяу-ақ жететін, сол күні баласына асығып автобусқа отырған. Автобуста смс арқылы жол ақысын төлеген, бірақ өтпей қойған. Сол кезде жүргізуші көрсет деп өзі шақырып алып, есікті ашпай, екі аялдамадан өтіп кеткен. Сондай-ақ ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Менің ойымша, қандай да бір ер адамға әйелдің елдің көзінше намысына тиетін сөздер айтқаны ызасына тиер еді, - деді Ахметжановтың анасы.

Оның айтуынша, автобус жүргізушісі де оқиғаға кінәлі. Сол себептен автобус жүргізушісі 351-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылу керектігін атап өтті.

Ал қазір Шөкебаева өзінің кінәсін мойындамай отыр. Балам Д. Ахметжанов ҚК 293-бабының 1-бөлігі бойынша қылмысты мойындап отыр. Ал Шөкебаева 351-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп есептеймін. Сол күні ұлым провокацияға берілгенімен үйдегі 3 айлық баласына асықты деп ойлаймын. Шөкебаева есікті ашып, намысына тиетін сөздер айтпағанда бұндай жағдай болмас еді, – дейді анасы.

Ол сондай-ақ автобус жүргізушісінің әлеуметтік желілерде жол-көлік ережелерін бұзған бейнероликтері барын атап өтті.

Адамдардың өміріне жауапты жүргізуші. Оның әлеуметтік желілердегі бейнероликтен қолына телефон ұстап, автобуста жарысатынын көрдік. Бұл қаншалықты дұрыс? Сот мырза, сіз барлық жағдайды ескеріп әділ шешім қабылдайсыз деген үміттемін, - деді Ахметжановтың анасы.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды