«Жұрт шағымданса ғана...» ІІМ көліктің 5 минуттан артық тұруына қатысты түсініктеме берді

Министрлік бұл бұрыннан бар норма екенін мәлімдеді

Мәди Саматұлы

  • 09.01.2025

Ішкі істер министрлігі 5 минуттан артық тұрған көлікке айыппұл салу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген «Жол жүрісі қағидаларына» сәйкес, тоқтап тұру – бұл көлік құралының қозғалысын жолаушыларды отырғызу немесе түсірумен, не көлік құралын тиеу немесе түсірумен байланысты емес себептер бойынша 5 минуттан артық уақытқа әдейі тоқтату.

ЖЖҚ-ның 88-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, тұрғын пункттерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының тұрғындарға қолайсыздық тудырып тоқтап тұруына тыйым салынады. Осындай талап ЖЖҚ-ның 17-бөлімінің 122-тармағы 4) тармақшасында да көрсетілген. Бұл жаңа норма емес. Ол ЖЖҚ-да 20 жылдан астам уақыттан бері бар, деп жазды министрлік.

Осылайша, егер көлік құралы 5 минуттан артық жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен тоқтап тұрып, тұрғындарға қолайсыздық тудырса, бұл жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 597-бабы 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықтың құрамына сәйкес қарастырылады.

Сонымен қатар, Ішкі істер органдары аталған құқықбұзушылық үшін азаматтарға жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді.

Айта кету керек, көрсетілген бап бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс азаматтардың шағымдары түскен кезде ғана, куәгерлер құқықбұзушылық фотосы мен бейнематериалдарын ұсынған жағдайда ғана қозғалады.

Фото: Жансерік Күзембай/Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

14.04.2025

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

11.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

10.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.

11 млн теңге тұратын мүлік. Екібастұзда қарақшылар күзет мекемесіне басып кірген

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды