Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Күніне 10 энергетик ішкен жас жігіт жүрегін ауыстыруға мәжбүр болды

Денсаулық
Күніне 10 энергетик ішкен жас жігіт жүрегін ауыстыруға мәжбүр болды
ҚР ДСМ

Алматы қалалық кардиология орталығында жүрек трансплантациясы жасалған алғашқы науқас дертінен жазылып шықты. Бұл туралы bairaqmedia.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлады. 

34 жастағы ер адамға созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Күту кезегінде тұрған азаматқа қараша айында 50 жастағы инсульт алған әйел донор болған. Күрделі операция 5 сағат бойы жасалды. Трансплантацияны Алматы мен Астананың білікті дәрігерлері бірлесе жүргізген. Қазір пациенттің жағдайы тұрақты.

"Бәрі энергетикалық сусындардан басталды. Күніне бір-екіден бастап, жылдар бойы әр түрлі энергетиктерді күніне 10 бөтелкеге дейін ішетін деңгейге жеттім. Ауыр диагнозға тап болғанша мән бермедім. Ешкімге кеңес бермеймін. Ешкімге. Кардиологиялық медициналық орталық ұжымына алғысым шексіз. Мен өмір бойы бұл жақсылықтарыңызды ұмытпаймын", - дейді пациент.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу