Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Күніне 15 жұмыртқа жеймін": жаттықтырушы Азамат Садуақасов дұрыс тамақтану туралы айтты

Денсаулық
"Күніне 15 жұмыртқа жеймін": жаттықтырушы Азамат Садуақасов дұрыс тамақтану туралы айтты
ашық дереккөзден

"Маман кеңесі" бағдарламасында дұрыс тамақтану тақырыбы талқыланып, студия қонағы ретінде кәсіби жаттықтырушы Азамат Садуақасов өз тәжірибесін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Маманның айтуынша, ағзаның бұлшық етін қалыптастырып, денсаулықты сақтау үшін ақуыздың маңызы зор.

"Мен өзім күніне 10-15 жұмыртқа жеймін. Өйткені жұмыртқа – ең тиімді ақуыз көзі. Дененің әр килограмына шамамен 2 грамм ақуыз қажет. Бірақ оның небәрі 30 пайызы ғана ағзада сіңеді. Егер менің салмағым 90 келі болса, күніне шамамен 180 грамм ақуыз қабылдауым керек", – деді ол.

Жаттықтырушының сөзінше, ақуызды тек ет немесе қоспалардан ғана емес, табиғи өнімдерден алу – ең пайдалы жол. Ал жұмыртқа – оның ең оңай әрі сапалы түрі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу