freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Курчатовта 881 млрд теңгеге электр станциясы салынады

MALIMet
Курчатовта 881 млрд теңгеге электр станциясы салынады
Фото: ukimet

Қазақстан Үкіметі Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Энергетика министрлігі мен "ГРЭС Курчатов" ЖШС арасында инвестициялық келісім жасалады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жобаның жалпы құны – 881 млрд теңге. Әрқайсысының қуаты 350 МВт болатын екі энергоблокты 2032 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған.

Станция толық қуатына шыққаннан кейін жылына 5 млрд кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіре алады. Жоба аясында шамамен 4,4 мың жұмыс орны ашылады.

Жаңа электр станциясы Курчатов қаласының одан әрі дамуына қажетті энергетикалық базаға айналмақ. Қалада Ұлттық ядролық орталық, Ядролық технологиялар паркі, зерттеу реакторлары, зертханалар және қазақстандық КТМ термоядролық токамагы орналасқан.

Станция жоғары қысым мен температура жағдайында жұмыс істеуге арналған заманауи бу-күштік жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар "таза көмір" технологияларын қолдану жоспарланып отыр.

Қоршаған ортаға түсетін әсерді азайту үшін газды тазарту, шығарындыларды сүзу және шаңды басу жүйелері орнатылады. Бұл шаралар Экологиялық кодекс пен ең үздік қолжетімді техникалар талаптарына сәйкес жүзеге асырылмақ.

Үкіметтің мәліметінше, жоба Курчатовтың электрмен қамту сенімділігін арттырып, ғылыми, өнеркәсіптік және қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін қосымша генерациялық қуат береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу