freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Қоғам
Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
Ләззат Танысбай. Фото: Мәдениет және ақпарат минитсрлігі

Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Ол әр жылдары "Астана" телеарнасын, "Нұр-Медиа" медиахолдингін, "Қазақстан" РТРК" АҚ-ны және "Бірінші арна Еуразия" телеарнасын басқарған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

Жаңа қызметінде Ләззат Танысбайға "Хабар" агенттігінің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, негізгі жұмыс бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту міндеті жүктелді.

Сонымен бірге "24KZ" телеарнасының еліміздегі жетекші қоғамдық-саяси арналардың бірі ретіндегі орнын нығайту көзделіп отыр.

Ал бұған дейін "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Кемелбек Ойшыбаев қызметінен босатылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу