Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

LRT-де жол жүру бағасы қанша болатыны айтылды

Қоғам
LRT-де жол жүру бағасы қанша болатыны айтылды

LRT-де жол жүру билетінің бағасы қанша болады? Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындарымен кездесуде айтты. 

LRT билетінің бағасы бойынша айтсақ, жобалық баға белгіленген. 100 теңгеден 200 теңгеге дейін деп жобалап отырмыз. Әзірге осындай меже қала береді, — деді әкім.

Еске салсақ, биыл күзде LRT-ні тестілік режимде іске қосу жоспарланған. 

Сондай-ақ Астана әкімі елордадағы ақылы тұрақтар жаңа инвесторға берілуі мүмкін деген мәліметтерді теріске шығарған еді. 

Әкім ақылы тұрақтарды жаңа инвесторға беру мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін мәлім етті.

Мен осыдан 2-3 ай бұрын алдын ала хабарлаған едім. «Астана тұрақ кеңістігі» мекемесін коммуналдық меншікке өткізетінімізді айтқанмын. Бұл мәселемен Көлік басқармасы тікелей айналысады. Қазіргі таңда инвестормен келісімшартты тоқтату бағытында жұмыс жүріп жатыр. Мекеме коммуналдық меншікке беріледі, — деді Жеңіс Қасымбек.

Фото: 7kun.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу