freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

LRT құрылысы: Астанадан Қосшыға дейінгі аралықтағы жол 2027 жылы аяқталады

Қоғам
LRT құрылысы: Астанадан Қосшыға дейінгі аралықтағы жол 2027 жылы аяқталады
Ашық дереккөзден

Астанадан Қосшыға дейінгі LRT желісінің құрылысы келесі жылдың соңында аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақпараттың жазуынша, күн сайын Қосшыдан елордаға 22 мыңнан астам автокөлік кіреді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қосшыда шамамен 120 мың адам тұрады, олардың жартысы күн сайын қалаға кіріп-шығады. Біз келесі жылдың соңына дейін бұл желі толық аяқталады деп күтеміз, - деді Жеңіс Қасымбек Ақорда кулуарында.

Сонымен қатар 2026 жылдың соңына қарай Шыңғыс Айтматов көшесі бағытына тағы бір желінің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.

Айта кетелік LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастағаны айтылған еді. Сонымен қатар елордада LRT-ға қатысты қағидалар бекітілді.  Бұдан бөлек, LRT жылжымалы құрамдары сынақтық пайдалану кезінде 80 км/сағ ең жоғары жылдамдыққа жетті. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу