Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Магдебургте Рождество жәрмеңкесіне шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

Әлем
Магдебургте Рождество жәрмеңкесіне шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

Магдебург қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты 50 жастағы ер адам қамауға алынды. BBC жазуынша, ол жұма күні қара BMW көлігімен Рождество жәрмеңкесіндегі жұртты қағып өтіп, бес адамның өмірін қиып, 200-ден астам адамды жарақаттады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Жексенбі күні таңертең Магдебург полициясы оқиға салдарынан қайтыс болғандар қатарында 45, 52, 67 және 75 жастағы төрт әйел мен 9 жасар баланың бар екенін растады.

Прокурор Хорст Вальтер Нопенстің айтуынша, оқиғаның себептері әлі зерттеліп жатыр. Дегенмен ықтимал мотивтердің бірі, Германияда Сауд Арабиясынан келген босқындарға жасалатын қарым-қатынасқа деген наразылық болуы мүмкін екенін айтты.

Полицияның мәліметінше, күдікті Аль-Абдулмохсен жәрмеңке аумағына жедел қызмет көліктеріне арналған кіреберіс арқылы өткен.

Күдікті – Сауд Арабиясынан 2006 жылы Германияға келіп, 2016 жылы босқын мәртебесін алған психиатр. Ол Магдебургтен оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан Бернбург қаласында тұрған.

Фото: BBC

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу