Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Макрон: Еуропа АҚШ-тың қорқытуына көнбейді

Әлем
Макрон: Еуропа АҚШ-тың қорқытуына көнбейді
Фото: Denis Balibouse / Reuters

Франция президенті Эмманюэль Макрон Еуропа Америка Құрама Штаттары тарапынан жасалатын қорқытуға бой алдырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, Париж де, Еуропа да «күштілер заңын пассивті түрде қабылдамайды», өйткені мұндай ұстаным олардың «вассалдануына» алып келеді. Бұл туралы ол Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда (ДЭФ) сөйлеген сөзінде айтты.

«Бұл — ережесіз әлемге қарай ығысу. Мұнда халықаралық құқық аяққа тапталады, тек күштілер заңы ғана маңызды сияқты көрінеді, ал империялық амбициялар қайтадан алдыңғы қатарға шығып отыр», — деп атап өтті Макрон.

Ол Еуропа аумақтық егемендік пен құқық үстемдігін әрі қарай да қорғауды жалғастыратынын қосты.

Франция мемлекетінің басшысы АҚШ президенті Дональд Трампты жеке өзі тікелей сынға алудан тартынды.

Алайда Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл пікір басқа еуропалық көшбасшылардың мәлімдемелерімен салыстырғанда анағұрлым қатаң болды. Олар Гренландияға қатысты трансатлантикалық даудың ушығып кетуіне жол бермеу үшін сабырлы реңкті сақтауға тырысқан.

«Біз дөрекілікке емес, құрметке басымдық береміз. Сондай-ақ зорлыққа емес, құқық үстемдігіне арқа сүйейміз», — деді Макрон.

Сөз сөйлеу барысында Франция президенті күннен қорғайтын көзілдірікпен шықты. Елисей сарайының мәліметінше, бұған саясаткердің көзіндегі қан тамыры жарылғаны себеп болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу