Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

МӘМС-тен 682 млн теңге жымқырылған. Емхана басшылары күдікке ілінді

Құқық
МӘМС-тен 682 млн теңге жымқырылған. Емхана басшылары күдікке ілінді
видеодан скриншот

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен екі жекеменшік клиниканың басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

 2022 жылы Қор мен клиникалар арасында жалпы сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасалған, оның ішінде жылжымалы медициналық пойыз қызметтері де қамтылған.

- Жобаны іске асыру басталғаннан кейін клиника басшылары алаяқтық схема ұйымдастырып, медициналық көмекті іс жүзінде алмаған пациенттер туралы ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Атап айтқанда, жалған диагноздар мен көрсетілмеген қызметтер тіркелген. Күн сайын жалған түрде тіркелетін пациенттер саны 90-нан 150 адамға дейін жеткен. Нәтижесінде клиникалар нақты көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін Қор қаражатынан заңсыз түрде 682 млн теңге алған, — делінген хабарламада.
2024 жылдың қаңтар айында қылмыстық жолмен алынған табыстың бір бөлігі — 364 млн теңге — клиника басшылары мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған.

— Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның мүлкіне: Испаниядағы қала сыртындағы үй, Астана қаласындағы пәтер, сондай-ақ автокөлікке тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр, деп хабарламады ҚМА.

Қазақстан Республикасы ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу