Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстау облысында дәрігерді жұмыс орнында пышақтап кетті

Оқиға
Маңғыстау облысында дәрігерді жұмыс орнында пышақтап кетті
pixabay.com

Қайғылы оқиға 28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, аурухана дәлізінде екі ер адам арасында жанжал шығып, соның барысында олардың бірі дәрігерге пышақ сұққан. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмысқа отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Ресми емес ақпаратқа сенсек, жанжалдың шығуына қызғаныш себеп болуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу