Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда оқушы қыздар төбелесті

Оқиға
Маңғыстауда оқушы қыздар төбелесті

Оқиға Мұнайлы ауданында болған. Оқушы қыздардың төбелесі бейнеленген видео әлеуметтік желіде таралып, полиция департаменті қатысушыларды анықтаған.

Төбелескен қыздардың 2011, 2012 және 2013 жылы туған жасөспірім екені анықталып, олар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген.

— Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына өз балаларының тәрбиесі мен оқуы бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны, олардың мінез-құлқына тиісті бақылау жасамағаны және құқықбұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Оқиға бойынша материал жасақталып, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданатын болады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы оқиғаға қатысы бар барлық тұлға профилактикалық есепке қойылған.

Фото: скрин 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу