Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі елден кешірім сұрады

Қоғам
Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі елден кешірім сұрады

Талғарда 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймова елден кешірім сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның елден кешірім сұрап сөйлегені әлеуметтік желіде жарияланды.

Артық кеткен жерім болса, сіздерден кешірім сұраймын. Мені де түсініңіздер. Екі бірдей бауырымнан айрылып отырған маған да оңай емес. Ашу үстінде болдым, қанша ыза... мені түсінесіздер деп ойлаймын. Біреу қорқытып айтқызып жатыр деп ойлап қалмаңыздар. Мен де өз қатемді білем. Сондықтан қатемді түсініп, сіздерден кешірім сұраймын. Керісінше Қазақ еліме басымды иемін, қаншама қолдауларыңызға. Иә, комментарийлерді оқып жатырмын, жылап тұрып оқыдым. Қаншама халықтың сөздері, маған елден кетпес үшін дұға жасап жатқан кісілер бар екен. Сіздерге рахмет, Алла разы болсын! Отбастарыңыз аман болсын. Мұндай нәрсені дұшпаныма да тілемеймін, деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Реимова халықты митингіге шақырғаны үшін айыпты деп танылып, 15 тәулікке қамалып, одан соң шет елдің азаматы ретінде елден депортацияланатын болған еді.  

Фото: Sadaq.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу