Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады

Саясат
Мемлекет басшысы премьер-министрді қабылдады

Олжас Бектенов: еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады: 

– биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды; 

– Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған; 

– орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық; 

– шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр. су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берді:

– бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті; 

– 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Фото: Ақорда
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу