freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қоғам
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, белгілі қаламгер Бауыржан Момышұлының Астана қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс-шараға Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері де қатысты.

Рәсім барысында Мемлекеттік кеңесші батырлардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Мәселен, Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың Атырау облысында өткен отырысындағы тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы «Айбын» орденінің дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының, Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері берілді.

Бұған қоса Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 желтоқсанда Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толған күні даңқты батырға «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Бауыржан Момышұлының жарқын бейнесі мен ерен ерлігі жас ұрпақ үшін қашанда үлгі-өнеге. Ал өмір жолы – нағыз жасампаз патриотизмнің, ар-намыстың әрі Отанға қызмет етудің биік шыңы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу