freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мен қазір қара жерді басуға қаймығам... Бір тамшы жас ыршып түсті" – Нұрғали Нүсіпжанов жары туралы толғанды (ВИДЕО)

Қоғам
"Мен қазір қара жерді басуға қаймығам... Бір тамшы жас ыршып түсті" – Нұрғали Нүсіпжанов жары туралы толғанды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Елге белгілі әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекке әсер ететін жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі өмірдің ең ауыр кезеңінде жанынан табылып, рухани тірек болған жандардың қадірі жайлы сыр шертіп, адамға ең алдымен көңілдің демеуі қажет екенін атап өтті. Әсіресе шаңырағына шақырып, бір кесе шай арқылы жанына жұбаныш сыйлаған ардагер журналист Қайнар Олжайға айрықша алғысын білдірді.

"Көке, мен қазір қара жерді басуға қаймығам. Өйткені астында ата-анам жатыр ғой", – дейді Жадырам… Жүрек тоқтап қалардай күй кештірген сәттен көңіл шәйға шақырған өзің құтқардың, Қайнар қарағым. Жадырадай қазақтың талантты қызын студент кезінен танығаныңды, Ұлттық арнаға Университет қабырғасында жүргенде жұмысқа алғаныңды естіп-біліп жатырмын, айналайын. Көрегенділігіңді тағы көрсеттің, көкем. Шәкіртіңе жұбату шәйін ұйымдастырдың. Әлбетте, мәселе ішіп-жемде емес. Гәп – көңілде… Сен жетім көңілді жұбаттың… Қамыққан қарындасқа қалқан болдың… Жабыққан жанның қасынан табылдың…

Өзіңе: "Ұстазым", – деп сөйлейтін бір жапырағың, "Әкеме барамыз", – деді… Көзімнен бір тамшы жас ыршып түсті… Қамкөңіл Жадырамның Асқар тау Әкесін, асыл Анасын қаншалықты аңсап, сағынып жүргенін ұғындым… Мейірімге толы жүрегіңе, қамқорлыққа толы жан-дүниеңе бас идім, Қайнар қалқам. Ұстаз деген ұлы есіміңнен айналып қана кетейін, Бұқаралық Ақпарат Құралының құлагері! Қайда жүрсең де, аман жүр, қазақ телевизиясының Қайнары! Өзің шамшырағын жаққан шәкірттер үшін де, аға буын біз үшін де қымбатсың, журналистика жүйрігі Қайнар Олжай!", – деп түйіндеді Нұрғали Нүсіпжанов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу