Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Митингке шыққан белсенділер қамалды

Мәдениет
Митингке шыққан белсенділер қамалды

Бүгін Алматыдағы Республика алаңы маңында жиырма шақты адам ұсталған. Олардың арасындағы әйел адамның қолында уақытша тергеу абақтысында қаза болған Дулат Ағаділдің суреті болған.

Нұр-Сұлтанда да Абай даңғылындағы Абай ескерткішінің маңында митинг өткізбек болған белсенділер ұсталған. Олардың арасында "Республика" қозғалысының мүшелері бар.

"Республика" қозғалысының белсендісі Айсұлтан ЖАҚЫПОВ әлеуметтік желідегі парақшасында полиция өзін қозғалыстың өзге мүшелері Бэлла ОРЫНБЕТОВА және Мұратбек ҚАЙЫРЖАНҰЛЫМЕН бірге автозакта бас қаланың Алматы аудандық полиция бөлімшесіне апара жатқанын жазыпты. Азаттық тілшісі Абай ескертішінің маңында 14 адамның ұсталғанын көріпті.

Сонымен қатар, Азаттық радиосы Шымкент қаласында да белсенділердің ұсталғанын хабарлады. Олардың саны – 15.

Фото: Ашық ақпарат көздерінен алынды

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу