freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Моншада жасөспірімді соққыға жығу. Тергеу жүргізілуде

Құқық
Моншада жасөспірімді соққыға жығу. Тергеу жүргізілуде
zanmedia.kz

Алматы облысы Қарасай ауданындағы қоғамдық моншада 13 жасар жасөспірімді соққыға жығу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Malim.kz  ҚазТАГ агенттігіне сілтеп хабарлайды. 

«Қарасай ауданындағы құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бейнежазбада тіркелген әрекеттердің ағымдағы жылдың 9 наурызында Қарасай ауданындағы қоғамдық моншалардың бірінде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109–1-бабы (Ұрып-соғу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті  процессуалдық іс-шаралар атқарылуда», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полиция бұл жағдай бақылауда екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу