Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Наркокурьер Астанаға 45 келі гашиш пен 312 келі марихуана әкелмек болған

Құқық
Наркокурьер Астанаға 45 келі гашиш пен 312 келі марихуана әкелмек болған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz.

ҰҚК мәліметінше, есірткі тасымалдау кезінде «наркокурьер» ұсталған. Көлікті тексеру барысында 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылып, тәркіленген.

Бұдан өзге, тінтулер нәтижесі бойынша қосымша 1,6 тонна марихуана, сондай-ақ, 1 кг гашиш тәркіленген.

Есірткі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көтерме және бөлшек саудаға арналған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынған.

Фото: ҰҚК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу