freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

НАТО бас хатшысы: Украинаға жасалған соққылар Ресейдің бейбітшілікке дайын еместігін көрсетеді

Әлем
НАТО бас хатшысы: Украинаға жасалған соққылар Ресейдің бейбітшілікке дайын еместігін көрсетеді
Фото: УНИАН

НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте бүгін Жоғарғы Радада сөйлеген сөзінде Ресейдің сейсенбіге қараған түні жасаған жаппай шабуылы Мәскеудің нақты бейбіт келіссөздерге ниетті емес екенін тағы да дәлелдейтінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ресей шабуылдарын жалғастырып жатыр, өткен түнде де солай болды. Бұл олардың бейбітшілікке қатысты ұстанымының байыпты еместігін көрсетеді», — деді НАТО бас хатшысы.

Ол Батыс серіктестердің Ресейге қысымды жалғастырып, Украинаны қолдай беретінін атап өтті: «НАТО алдағы жылдар бойы Украинамен бірге болады. Сіздің қауіпсіздігіңіз — біздің қауіпсіздігіміз, сіздің бейбітшілігіңіз — біздің бейбітшілігіміз. Ол әділ әрі ұзақ мерзімді болуы тиіс».

Бұған дейін Ресей бірнеше күнгі келісімнен кейін Украинаның энергетикалық нысандарына соққыларды қайта бастаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу