Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Наурыз бес уақыт намазын оқиды": Атырауда жоғалған отбасыға қатысты сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)

Қоғам
"Наурыз бес уақыт намазын оқиды": Атырауда жоғалған отбасыға қатысты сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)
politico.kz коллажы

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған бір отбасының тағдыры көпшілікті алаңдатып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Арада біраз уақыт өтсе де, хабар-ошарсыз кеткен төрт адам әлі күнге дейін табылған жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында өңірге барған "Qazaq Airan" арнасының журналисі жоғалған отбасының туыстарымен кездесіп, олардың пікірін тыңдаған.

Туыстарының бірі Шалқар Мұқанғалиев Наурыздың мінез-құлқына тоқталып, оның теріс жолға баруы мүмкін емес екенін айтты.

"Наурыз бес уақыт намазын оқитын бала. Қазір ХХІ ғасыр, жастардың көзі ашық... Наурыз інім жаманшылыққа барады деп ойламаймын", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Сондай-ақ Шалқар Мұқанғалиев марқұм ағасы Мақсот Қарабалинның банк карталарына қатысты күмәнді жайттарға да пікір білдірді. Оның айтуынша, мал сату кезінде Наурыздың WhatsApp желісі пайдаланылып, түскен қаржы Мақсот Қарабалиннің Kaspi картасына аударылған.

"Мал сатқан кезде Наурыздың WhatsApp желісін пайдаланған. Мақсот ағамның Kaspi-ін қолданған. Сатылған малдың бәрінің ақшасы Мақсот ағамның картасына түсірген. Ал қалған карталарды білмедім... Ал Нәсіп жеңгемнің картасы қазіргі таңда күдікті деп саналып жатқан Сұлтанның қолында деп жатыр. Малайзияның бір қаласында төлем жасағанда, пайдаланған деп айтып жатыр", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу