Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында нағыз бақытқа қол жеткізгенін айтып, оқырманына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып-қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде, керім, күштімін, “осы менің бақытым” дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт – ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің пікірін қолдап, келісетіндерін атап өткен.
«Нағыз бақыт – жүректің тыныштығы және деннің саулығы!», «Расымен бақыт дегенің жанның, яғни мидың тыныштығы, жүрек тыныштығы. Сен бақытты болсаң, айналаңа нұр сыйлайсың, гүлдендіре түсесің. Бақыттан басымыз айналып жүре берейік», «Нағыз бақыт – отбасы жылулығы, отбасы татулығы», «Нағыз бақытты таптыңыз. Жүрек тыныштығы» деп жазды желі қолданушылары.
Фото: instagram.com/erke_esmahan