Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Несие алуға көмектесемін деп жұртты алдаған астаналық тұрғын сотталды

Қоғам
Несие алуға көмектесемін деп жұртты алдаған астаналық тұрғын сотталды
Pixabay

Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алдаған алаяқ сот үкімімен түрмеге қамалды, деп хабарлайды Malim.kz  Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа   азаматтар ақша аударған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.

Мәселен, өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, «жұмысын» 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.

«Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу