Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нығматулинді не үшін іздеп жатқаны белгілі болды

Қоғам
Нығматулинді не үшін іздеп жатқаны белгілі болды

Бас прокуратура іздеп жатқан күдіктілерге қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға күдікті Ниғматулин А.З. және басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу аясында Ниғматулин А.З. күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргеніне байланысты іздеуге жарияланды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған еді.

Фото: saryarka-hc.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу