Нығматулинге іздеу жарияланды

Сабина Асқарқызы

  • 03.03.2025

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді.

Нығматулин Арғын Зайроллаұлы. Іздеу жарияланғанына 0 күн. Туған күні: 1955 жылғы 28 маусым, жынысы: ер, Қазақстан азаматы, қазақ. 2025 жылғы 3 наурыздағы іздеу ісі «Астана» өңірінде тіркелді. Бастамашы: прокуратура. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (тел. 90-92-60), - делінген мәліметте.

Арғын Нығматулин 2006 жылы «Сарыарқа» хоккей клубын құрып, 12 жыл басшылық еткен. Сонымен бірге арғын Нығматулин «Шахтер» футбол клубын да басқарған. 2024 жылдың қараша айында Қарағанды облысының әкімі Ермағамбет Бөлекпаев Нығматулинге клубтың сенімгерлік басқаруға уақытша беріліп, мемлекет меншігіне кері қайтарылғанын мәлімдеді.  Сөйте тұра Арғын Зайроллаұлы әлі күнге дейін шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы жастар құрамасының бас менеджері және Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы Атқару комитетінің мүшесі болып жүр. Қазіргі кезде федерацияның Қарағанды облыстық филиалын басқарады.

Фото:gov.kz

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

05.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

26.04.2025

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

25.04.2025

Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады

22.04.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Ақмола облысында алты жасар бала бес күннен бері табылмай жатыр

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады

Бас прокуратура Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрағанын мәлімдеді