Анасын іздеп шыққан: Рудныйда жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

Қостанай облысы Рудныйдағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау орталығынан 7 сәуірде шығып кеткен екі жасөспірімді полиция тапты

Сұлу Бөлек

  • 08.04.2025

Қостанай облысы Рудныйдағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау орталығынан 7 сәуірде шығып кеткен екі жасөспірімді полиция тапты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Полицияның мәліметінше, 15 және 17 жастағы тәрбиеленушілер орталықтан шығып, жаяу Костанай ауданына қарасты Константиновка ауылына бет алған. Олар ауыл маңындағы орманда түнеген. 8 сәуірде таңертең ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринарлық қызметкері жүргізіп келе жатқан "Нива" көлігіне мінген.

"Көлік жүргізушісі жасөспірімдер туралы учаскелік полицейге хабарлады. Ол көліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірін әріптестеріне жеткізді. Садовое мен Алтынсарино ауылдарының арасында полиция көлікті тоқтатып, жасөспірімдерді Рудный қаласының полиция бөліміне жеткізді. Олар дін аман. Қазір олармен ювенал полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын арада балалар Рудныйға қайтарылады", – деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаменті.

Анықталғандай, олар Қостанай қаласына бірінің анасын көруге бет алған. Бұған дейін екі жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскеннен кейін іздеу жұмыстарына 34 техника мен 93 адам жұмылдырылған болатын. Олардың қатарында полицейлер, "Регион 10" және "ДОС" іздестіру-құтқару отрядтары, әкімдік өкілдері мен еріктілер бар.

Фото: Қостанай облысы ПД

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

07.05.2025

Алматыда екі ай бұрын жоғалған ер адам аман-есен табылды

28.04.2025

Шымкент жоғалған 74 жастағы кейуана аман табылды

21.04.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

АҚШ-та 63 жыл бұрын жоғалып кеткен әйел аман табылды

Алматыда екі ай бұрын жоғалған ер адам аман-есен табылды

Шымкент жоғалған 74 жастағы кейуана аман табылды

ТЖМ құтқарушылары жоғалған кейуананы тапты