Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

Әскери парадты пәтерінің терезесінен видеоға түсірмек болған Астана тұрғыны қатаң ескерту алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Бейнежазбада әйел адам «Қазақ елі» алаңының дәл жанында орналасқан тұрғын үй кешеніндегі пәтерде отырғаны көрінеді. Алаңда дәл сол сәтте әскери парад өтіп жатқан.
Кадрлардан пәтер терезесіне дрон жақындап, бірнеше мәрте ескерту жасалды:
«Құрметті тұрғындар! Қауіпсіздік мақсатында терезені жауып, терезеден алыстауыңызды сұраймыз», - делінген хабарландыруда.
Айта кетейік, Астанадағы әскери парадты алаңда тек ардагерлер, тыл еңбеккерлері және арнайы шақырылған қонақтар ғана тікелей тамашалай алды. Қалған жұртшылық үшін іс-шара тікелей эфир арқылы көрсетілді.
Фото: видеодан кадр

Ең көп оқылған
