Атырау облысында жол апаты көбейген. 73 адам көз жұмған

858 адам түрлі дене жарақатын алған

Malim Админ

  • 13.11.2024

Атырау облысында жыл басынан бері жол апатынан 73 адам көз жұмған. Ал, 858 адам түрлі дене жарақатын алған.


Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеуінше, жыл басынан бері 600-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Атырау облысында жол бойындағы көлік апатының бірнеше себебі анықталып отыр. Біріншіден, жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс асырады. Екіншіден, жолдың қарсы бағытындағы жолаққа шығады. Үшіншіден, маневр жасау ережелерін қатаң сақтамайды. Жыл басынан бері осындай себептердің салдарынан 600-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиғалардың салдарынан 73 адам көз жұмды. Ал, 858 адам түрлі дене жарақатын алды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өңірлік департамент жол-көлік оқиғасының көбеюіне байланысты 11-17 қараша аралығында «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясын өткізіп жатыр.

«Бұл акцияны өткізудегі басты мақсат – жүргізушілерге жолда жүру ережесін қатаң сақтауды ескерту, жол-көлік оқиғасының алдын алу. Патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушілердің қателікке ұрынбағанын, өздерімен бірге жолаушылардың діттеген жерге аман-есен жеткенін қалайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025
MalimBlocks
Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жер сілкінді

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр