Даун синдромы бар баланы таяқпен ұрған маман жұмыстан қуылды

Оқиға Сарыағашта болған

Сұлу Бөлек

  • 14.04.2025

Түркістан облысының білім басқармасы даун синдромы бар баланың соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

БАСҚАРМА НЕ ДЕЙДІ?

Түркістан облысының білім басқармасы видеода көрсетілген жағдайды назарға алып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта болған.

"Бейнематериалдағы ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол орталық тарапынан жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, тұрақты сабаққа қатысып жүр деп хабарлаймыз", - делінген басқарманың Ұлысмедиаға берген жауабында.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Бұл жайт туралы "Әділ кәсіподақ" ұйымы жария етті. Ерекше күтімді қажет ететін 13 жастағы баланың даун диагнозы бар. Ол Сарыағаш қаласындағы "Ақылды бала" коррекциялық орталығына барып жүрген.

"Жақында сабақ үстінде болған мына жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мұғалім Еркебұланды аяғынан сүйреп, жерде жатқызып, бұрышқа қойып, таяқпен ұрып жатыр ма?" - дейді кәсіподақ ұйымы. 

Еркебұлан сабақтан алып кетуге келген анасы Гүлжаухарға мұғалімдер ұрғанын айтқан.  

Фото: Видео кадры

Байланысты жаналықтар

Желіде бір оқушы басқа балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады

29.04.2025

Темірмен ұрған: асырап алған балаға қатыгездік танытқан әйелге сот үкімі шықты

27.04.2025

Қызға көмектеспек болған астаналық 6 жылға сотталды

20.04.2025

Қызды ұрып-соқты деп айыпталған актер Шәріп Серік видео жариялады

04.04.2025

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

25.03.2025

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

13.03.2025
MalimBlocks
Желіде бір оқушы басқа балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады

Темірмен ұрған: асырап алған балаға қатыгездік танытқан әйелге сот үкімі шықты

Қызға көмектеспек болған астаналық 6 жылға сотталды

Астанада ер адам сауда орталығының алдында жүргіншіні ұрғаны үшін 6 жылға сотталды

Қызды ұрып-соқты деп айыпталған актер Шәріп Серік видео жариялады

Актер Шәріп Серік кешірім сұрап, видео жариялады

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс