LRT құрылысындағы ұрлық ісі бойынша күдіктілердің бірінің қайда екенін анықталды

Интерпол LRT құрылысындағы ұрлық ісі бойынша күдіктілердің бірінің қайда екенін анықтады

Сұлу Бөлек

  • 15.04.2025

Халықаралық тергеушілер атышулы LRT ісі бойынша күдіктілердің бірінің орналасқан жерін анықтады. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Алайда нақты кім анықталғаны қадағалаушы орган тарапынан нақтыланбады.

«Интерполдың мәліметінше, қылмыстық іс фигуранттарының бірі қазір Батыс елдерінің бірінде екені анықталды. Жалпы экстрадиция бойынша да бірқатар іс-шара жүргізіліп жатыр», - деді Астана прокурорының орынбасары Азамат Ермаханов.

Бұл ақпаратты Айжан Аймағанова Instagram парақшасында жариялады. Ол – Қуандық Бишімбаевтың ісін жүргізіп, сотта Салтанат Нүкенованың өліміне оның қатысы барын дәлелдеген прокурор.

Еске салайық, Астанадағы жерүсті метросын салу кезіндегі ұрлық деректері бойынша тергеу бес жыл бұрын аяқталған. Осы уақыт бойы басты күдіктілер – «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан және Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков – халықаралық іздеуде болған. Олардың қайсысы табылғаны әзірге белгісіз.

Фото: Halyq Uni

Байланысты жаналықтар

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Нығматулиннің ұлы рейдерлік бойынша күдікті деп танылмады

09.04.2025

Блогер бірнеше қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

06.04.2025

«Құдай разылығы үшін»: зират қиратты деп күдікке ілінген жігіт өз әрекетін түсіндірді

04.04.2025

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

01.04.2025

LRT ісі: Ардан мен Сұлтанбековті Интерполдың өзі таппаған

06.03.2025
MalimBlocks
Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Нығматулиннің ұлы рейдерлік бойынша күдікті деп танылмады

Блогер бірнеше қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

Қостанайлық ер адам қарызға ақша беріп, оны қайтара алмағандарға интимдік қарым-қатынас ұсынған

«Құдай разылығы үшін»: зират қиратты деп күдікке ілінген жігіт өз әрекетін түсіндірді

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

LRT ісі: Ардан мен Сұлтанбековті Интерполдың өзі таппаған