Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

Маңғыстау облысында гүлденген көкнәр арасында дастархан жайылған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода Маңғыстауда гүл үстіне үстелдер мен орындықтар қойылғаны көрінеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары демалушылардың мұндай әрекетіне наразылық білдірді.
"Гүлдерді таптап тастады", "Надандық, бұл нағыз масқара", "Ұят, табиғатты ластап жатыр", "Не істеп жатырсыңдар?!" — деп жазды желі қолданушылары.
Сондай-ақ, редакцияға Жармыш маңындағы Қаратау бұлағынан түсірілген фотосуреттер жолданды. Тұрғындар демалушылардың табиғи аймақты қоқыс алаңына айналдырып жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Қызғалдақ жұлғандарға қандай жаза бар?
Айта кетейік, жабайы қызғалдақтар 4 жылдан 7 жылға дейін жерде сақталуы мүмкін тұқым арқылы көбейеді. Гүлді жұлса, тұқымы да жоғалады, осылайша жаңа гүл шығуы сирей түседі.
Қызғалдақ Қызыл кітапқа енген. Оны жұлғаны үшін ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Бұл үшін 3000 АЕК-ке дейін (11 796 000 теңге) айыппұл не қоғамдық жұмыстарға 800 сағатқа дейін тарту түріндегі жаза не 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы берілуі мүмкін.
Фото: Видео кадры

Ең көп оқылған
