Қарағандыда көктайғақтан қоғамдық көлік жаяуды қағып өлтірді

Облыста бір күнде 22 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Мәди Саматұлы

  • 13.10.2024

Ауа-райының күрт өзгеруі және жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамау салдарынан өткен тәулікте Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс полициясы департаментінің мәлімдеуінше, салдарынан бір жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші қайтыс болса, екі адам түрлі дене жарақатын алған.

Мәселен, сағат 19.00 шамасында Липецкая көшесінде 53 жастағы қоғамдық көліктің жүргізушісі жолдың тайғақтығынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Шахтинск және Теміртау қалаларында болған жол-көлік оқиғаларынан екі адам ауруханаға жеткізілді, деп жазылған ПД хабарламасында.

Тәулік ішінде тіркелген қалған 19 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

Жыл басынан бері жол апатынан 9 мыңға жуық адам зардап шекті

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Астанада автобус оқушы қызды қағып кетті

03.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025
MalimBlocks
Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген