Қостанай облысында әкімдік ғимараты өртеніп кетті

Арман Қайыпхан

  • 25.01.2025

Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылындағы әкімдік ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Екі қабатты нысанда жергілікті әкімдік және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан.

101 пультіне екі қабатты ғимараттың өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына тез арада өрт сөндірушілер жеткен.

Елді мекеннің аудан орталығынан шалғайда орналасуы, ал ағаштан тұрғызылған ғимараттың тез тұтануы жұмысты қиындатты. Өрт шатырға қарай ойысқан. Қою түтін, ауа температурасының төмендігі және желді ауа райы да қиындық тудырып, жалын көршілес ғимараттарды шарпу қаупі туындады, – дейді ТЖМ өкілдері.

Бұл қиындықтарға қарамастан, өрт 100 текше метрге жеткенде ауыздықталған. Ғимараттың жалпы ауданы 250 шаршы метр. Өрт сөндірушілері ғимараттың толықтай өртеніп кетуін болдырмай, жақын маңда орналасқан басқа ғимараттарды өрттен сақтап қалды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Астанадағы жатақханадан өрт шықты

09.04.2025

Анасын іздеп шыққан: Рудныйда жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

08.04.2025

Қостанай облысында екі жасөспірім балалар үйінен қашып кетті

08.04.2025

Қостанай облысында антитеррористік оқу-жаттығу өтеді

07.04.2025
MalimBlocks
Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Астанадағы жатақханадан өрт шықты

Астанадағы Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимараттан өрт шықты

Анасын іздеп шыққан: Рудныйда жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

Қостанай облысы Рудныйдағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау орталығынан 7 сәуірде шығып кеткен екі жасөспірімді полиция тапты

Қостанай облысында екі жасөспірім балалар үйінен қашып кетті

Қостанай облысы Рудныйдағы "Арнаулы білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының" екі тәрбиеленушісі, 15 және 17 жастағы жасөспірімдер, 7 сәуірде мекемеден қашып кеткен

Қостанай облысында антитеррористік оқу-жаттығу өтеді