Қызғалдақ жұлған әйел 12 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін

Қызғалдақ жұлған әйел млндаған теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Сұлу Бөлек

  • 07.04.2025

Сирек кездесетін қызғалдақты жұлған адамға 12 миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының полициясы Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған әйелді іздеп жатыр. Ордабасы ауданында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Сирек кездесетін гүлдерді жинауға заңмен тыйым салынған, енді полиция қызметкерлері видеодағы адамның кім екенін анықтайды.

Желіде тараған видеодан Грейг қызғалдағы гүлдей бастағанда кейбіреулері оның әсемдігіне таңданса, ал біреулері заңды бұзып, гүлдерді жұлып алатыны көрінеді.

Сәуір басталғалы полиция мұндай жағдайларды іздеу мақсатында әлеуметтік желілерді үнемі бақылап отырады. Айта кетейік, жабайы қызғалдақтар 4 жылдан 7 жылға дейін жерде сақталуы мүмкін тұқым арқылы көбейеді. Гүлді жұлса, тұқымы да жоғалады, осылайша жаңа гүл шығуы сирей түседі.

Қызғалдақ Қызыл кітапқа енген. Оны жұлғаны үшін ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Бұл үшін 3000 АЕК-ке дейін (11 796 000 теңге) айыппұл не қоғамдық жұмыстарға 800 сағатқа дейін тарту түріндегі жаза не 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы берілуі мүмкін.

Фото: видео кадры 

Байланысты жаналықтар

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

04.04.2025

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

01.04.2025

Мұғалім мен дәрігерлерді балағаттағандар қандай айыппұл арқалайды?

31.03.2025

Бөтен адамның ЭЦҚ-сын қолданғандар жазаға тартылады

17.03.2025

Бүгіннен бастап жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұл салынады

13.03.2025

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты

21.02.2025
MalimBlocks
Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

Мұғалім мен дәрігерлерді балағаттағандар қандай айыппұл арқалайды?

Елімізде қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқандарға айыппұл салынады. Ал былапыт сөзді үйде немесе көлікте еркін айтуға бола ма?

Бөтен адамның ЭЦҚ-сын қолданғандар жазаға тартылады

Жаңа ереже 13 наурыздан бастап күшіне енді

Бүгіннен бастап жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұл салынады

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты