Шу ауданындағы ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі - комиссия

Жамбыл облысы Шу ауданындағы орталық ауруханада болған ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі. Арнайы комиссия жүкті әйел акушерлердің салғырттығынан қайтыс болды деген қорытынды шығарды

Сұлу Бөлек

  • 04.04.2025

Жамбыл облысы Шу ауданындағы орталық ауруханада болған ана мен бала өліміне дәрігерлер кінәлі. Арнайы комиссия жүкті әйел акушерлердің салғырттығынан қайтыс болды деген қорытынды шығарды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 
Шу ауданындағы қайғылы жағдайдан соң өрескел қателікке жол берген жауаптылар жазаланды. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тексерістен кейін бес лауазымды қызметкерге қатаң шара қолданылған. Ең алдымен Шу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды. Оның орынбасарына да қатаң сөгіс беріліп, босандыру бөлімінің басшысы жұмыстан қуылды. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы мен ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы да қатаң сөгіс алған.

Дәрігерлер 25 жастағы Әдемі Ешеналиеваның денесі ісіп бара жатқанына мән бермеген. Сондай-ақ зәр мөлшерінің шамадан тыс төмендегенін тексермепті. Соның салдарынан науқастың қан қысымы 170-ке дейін көтеріліп кеткен. Сәбиінен айырылған ана 12 күн бойы ес-түссіз комада жатып көз жұмды.

"Құлаған кезде бала шетінеді. Құлап, қан қысымы көтеріліп, әйел есінен айырылды. есін жоғалтты. Тексеріп, консилиум жасап, оны үшінші дәрежедегі облыстық перинатал орталыққа жіберу керек еді", - деді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қаракөз Сағынғалиева. 

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алғанын жазған едік. 

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

18.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025
MalimBlocks
Мысырда қазақстандық әйел қаза тапты

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты